16.04.2024, 20:05
Оқылды: 19

Жағалау көшесінде жағдай қауіпті

Теректі ауданының Подстепный ауылында қарғын суға қарсы тұру шаралары жүріп жатқанына айға жуықтады.

жагалау

Қар суының алдыңғы толқынында Шапағат, Қазыбек би, Төле би көшелеріндегі үйлерге су кіріп, тұрғындар эвакуациялық орындарға көшірілген жағдай болған.

Енді судан қауіп Жағалау көшесіне келді. Шеткі үйлердің қора-қопсысына тірелген жайылма суды тоқтату үшін Талдықорғаннан келген №18404 әскери бөлімше құрамы мен құтқарушылар топырақтан жал көтеріп, құм-топырақты қаптармен бекітіп жатыр. Әзірге тұрғындар үйлерінде. Су көтерілген жағдайда олар қауіпсіз жерге шығарылады. Жалпы, ауданда Шаған, Барбастау, Ұзынкөл ауылдары тұрғындары мен үй жануарлары эвакуациялануы мүмкін.

жагалау+

Балнұр Қанаева, 
Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале