3.04.2022, 20:31
Оқылды: 36

Жағдай тұрақталуда

Ағымдағы жылдың 1 сәуірі күні екі тәулік бойы ауа райының тез жылынуына байланысты Ақсай қаласының Қызылтал ауылы оңтүстік жағынан даладан үлкен көлемінде жиналған су келіп, ауыл ішіндегі табиғи арналарымен өтті.

IMG-20220403-WA0123

Су көлемі көбеюіне байланысты су өткізу құбырлары үлгермей, тұрғын үйлерді су басу қауіпі болғандықтан асфальт төселген жолдарды бірнеше жерлерден жыру шешілді. Дей тұрғанмен, бірнеше үйге су кіру оқиғалары орын алды. Барлық жауапты қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Жедел штаб құрылып, 7-ші мектепте эвакуациялық орын ашылды, тәулік бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. “Тілсіз жаудың” кесірінен зардап шеккен тұрғындардың үйлері тексерілді. Жауапты қызметтерге жәрдемдесіп, бірлесіп жұмыстанған тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.

IMG-20220403-WA0124

Қазіргі уақытта Қызылтал бағыты бойынша жағдай тұрақталып, бақылауда тұр. Сонымен қатар, солтүстік жағы бойынша 2 сәуірден бастап даладан үлкен су келуде. Солтүстік айналма жолы бойымен Аралтал ауылына барады. Осыған қоса Аралтал ауылының қасынан өтетін Шыңғырлау өзенінің деңгейі көтерілуі қауіп туындатуда. Осы орайда барлық қауіпті орындар бойынша бақылау кезекшілігі ұйымдастырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале