31.01.2022, 11:00
Оқылды: 66

«Жаһанша» фракциясы республикалық кезеңге жолдама алды

Кешегі аптада өңірімізде «Ұшқыр ой алаңы» республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті. Турнирге облыс бойынша қала мен аудан мектептерінен 20 команда қатысты.

63F9DD7C-0C59-4D89-8937-0D8F4CC27792 

APD (American Parliamentary Debate) форматында өткен сайыстың қазақ лигасында бақ сынаған Сырым ауданындағы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің оқушыларынан құралған «Жаһанша» фракциясы ерекше ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды және турнирдің республикалық кезеңіне жолдаманы жеңіп алды.

- Фракция лидері Ақбота Ширмедин - оқу озаты, Сырым ауданы бойынша «Мектеп көшбасшысы - 2021» аталым иегері, мектептің мәдени қоғамдық өмірінің белсендісі. Фракция спикері Аяулым Сырымбет те оқуда озат, білім мен таным жарыстарының жүлдегері. Жас дебатшыларға куратор, үйірме жетекшісі,  аудандық мектеп дебаты төрешілер құрамының мүшесі Назгул Мустафиева тәлім береді.

Оқушылардың ғылыми, мәдени танымдарын дамытуға, жалпы сауаттылыққа, сөз өнеріне тәрбиелеуге, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне, жеке талдау-зерделеу қабілеттерінің дамуына пікірсайыс өнерінің тигізетін септігі зор. Сырым ауданының оқушыларының бұл жетістігі - үлкен еңбектің нәтижесі. – деп жазды Сырым ауданының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі бөлімнің Facebook желісіндегі ресми парақшасына.

Жаһаншаның шешендік өнердің өкілі әрі қазақтан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі екенін ескерсек, фракцияның арыстың атымен аталуы өте жарасымды. «Жаһанша» фракциясына республикалық додада жеңіс тілейміз.

«Сырым елі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале