Осындай атаумен Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, Алашорданың Батыс бөлімінің жетекшісі Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай аудандық "Жаһанша оқулары" өтті.

Ашылу салтанатында Ж.Досмұхамедов ескерткішінің алдында еске алу рәсімі өтіп, оқушылардың әдеби монтажы көрініс тапуып, шара қонақтары мен қатысушылар мектеп мұражайымен танысты.
Бас спикерлер Бұлан орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог -сарапшы Серік Зиятов "Жаһанша - көрнекті Алаш қайраткері", Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі Алмажай Сүлейменова "Алаш қозғалысындағы Жымпитының тарихи орыны" тақырыптары бойынша еркін алаңда баяндама жасады.
Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің директоры Нұржауған Құлмұханова жас баяндамашыларға ақын, жазушы, журналист Мұнайдар Балмолданың ақпан айында тұсауы кесілген "Дала көкжалы" романындағы тың деректермен бөліссе, Мерлан Сисенбай автордың сөзіне жазылған рухты "Жаһанша" әнін тебіренте орындады.
Жас баяндамашылар Думан Магниев "Жаһанша Досмұхамедовтың 1920-1938 жылдары атқарған қызметі", Мақсат Сапар "Күнбатыс Алаш – Орда тарихы", Алмаз Ермұханов "Алаш ардақтысы – Жаһанша Досмұхамедұлы", Ақбота Ширмедин "Жаһанша – ғасырдың жүрегі" тақырыптарында тың баяндамалар жасады.
Нәтижесінде, "Жаһанша оқуларының" қатысушыларына арнайы сертификаттар, жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz