24.06.2021, 10:45
Оқылды: 75

Жайдарман - Жаңақалада

Жуырда Тәуелсіздік саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Мен ауылдың баласы" атты жайдарман ойындарының фестивалі өтті. Жаңажол, Мәстексай, С.Меңдешев, Пятимар, Көпжасар, Бірлік ауылдық округтерінің командалары өзара бақ сынады. Ашық аспан астында өткен жайдарман ойындары жиналған көпшілікке жақсы көңіл күй сыйлады. Соңғы жылдары ауданымызда бұл ойын үзіліп қалған болатын. Жасындай жарқылдаған жаңа командаларды көргенде үміт оты маздағандай болды. Көңілді тапқырлар алаңының белді ойыншылары мен "Назар аудар" театрының әртісі Самат Қабдиев бастаған қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңай соққан жоқ.

CBC7276A-710F-40A9-9105-E93D18EE91E2

Нәтижесінде уытты әзілдерімен, тапқыр ойларымен ерекше көзге түскен Бірлік ауылының «Ақиқат» командасы жеңімпаз атанса, Жаңажол ауылының «Aidarhan.kz» командасы ІІ орынға тұрақтады. С.Меңдешев ауылдық округінің «Қырқопа» командасы ІІІ орынды иеленді. Жаңажолдық Ерасыл Әлібеков «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

- Қайырлы күн! Құрметті, Жаңақала ауданының көрермендері! Бүгін өте керемет ойынға куә болдық. Ауыл командаларында өсу бар, ілгерілеу байқалады. Алдағы уақытта облыста өтетін ойынға мықты дайындықпен, жақсы әзілдермен келесіздер деген ойдамын. Қатысқан барлық командаларға, оларды дайындаған жетекшілеріне мың сан алғыс!-деді ардагер жайдарманшы Самат Қабдиев.

9D000CC1-340A-442F-999D-522F88842AEF

Тапқыр әзіл, әуезді әнмен көмкерілген жайдарман ойындары жаңақалалықтардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале