20.07.2022, 16:15
Оқылды: 33

Жайқалған алма бағы

Казталов ауданы орталығынан шалғай орналасқан Қайыңды ауылы тамаша табиғатымен тамсандырған ерекше мекен. Алыстан көздің жауын алар қызғалдақты алқабы әрбір жанды баурап алары сөзсіз. Бұл бұл ма, қайыңдылық ағайын жеміс ағаштарын өсіріп, Табиғат-Ана берген сыйдың қадірін ұғынып жүр. Бұл сөзімізге Қайыңды ауылынан келген мына бір хабар дәлел болғандай. Жаз жайнатып, күн күлімдеген сәтте ауылдың еңбекқор адамдары бір сәтке де қарап отырмады. Бау-бақшадан бөлек алма, шие ағаштарын егуді мықтап қолға алған. Осы орайда Қайыңды ауылдық округінің әкімі Айбол Ғұбашевпен тілдестік.

IMG-20220720-WA0065

- Қайыңды жазғы демалыс лагеріндегі алма ағаштары көп уақыттан бері күтілмей, суарылмай, жабайыланып кеткен. Тіпті, жеміс ағашы құрып кетудің әзер алдында болды. Өткен жылы "Менің аулам - менің бағым" жобасы аясында 100 тал алма ағашын отырғыздық. Сол уақытта бұрынғы отырғызылған 50-ге жуығын қайтадан қалпына келтіру мақсатында қурағандарын кесіп, кері қопсытып, күнделікті суаруды қолға алдық. Биылдан бастап жемісін берді. 2021 жылы ауыл шаруашылық саласының және ауыл әкімдігі қызметінің мамандарымен бірлесіп сенбілікте 100 тал алма ағашын, 50 түп шие және қосымша 50-ге жуық бұрыннан өскен алма ағаштарына күтім жасау жұмысы қолға алынды. Сол жұмыстар әлі күнге дейін тұрақты түрде жүргізіліп келеді,-деді.

IMG-20220720-WA0064

Міне, Қайыңды ауылы қарқынды бақ өсіру мен жеміс ағаштарының санын көбейту жөнінен көшбасшы болып отыр. Жайқалған алма бағы тұмса сұлулығымен қараған жанға еріксіз алыстан көз тартады. Қайыңды ауылының еңбекшіл халқы тұрмыстарын одан әрі жақсартып, көштен қалмау үшін аянбай еңбек етуде. Еңбек еткен жерде береке болатыны түсінікті. Сол береке-ырысты молайту үшін олар шаруасын одан әрі дөңгелететініне сенімдіміз.

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале