2.11.2021, 20:31
Оқылды: 146

Жайсаң Ахметұлының шәкірттері жарап тұр!

2022 жылдың І жартыжылдығына газетке жазылу жүріп жатқандығын көзіқарақты оқырмандарымыз жақсы біледі. Спорт ардагері, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Ахметұлының шәкірттері ауданымыздың айнасы «Жаңарған өңір» газетін қолдап, жаңажолдық 20 отбасыны тегін жаздырып берді. Жайсаң ағайдың шәкірттері жазылым кезінде газетімізді үнемі қолдап келеді.

13

- «Жаңарған өңір» газеті ауданымыздың төл басылымы. Алыста жүрсек те аудан жаңалығын сүйікті басылымнан жібермей оқып отырамыз. Жазылым науқанында ұстазымыздың шәкірттері ақылдасып, 20 отбасын газетке жаздыртып беруді жөн көрдік. Газетіміздің оқырмандары мен таралымы көп болсын! – дейді Қадырбек Қабдолов.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале