9.01.2020, 14:28
Оқылды: 74

Жайық ауылына таза ауыз су келді

Жыл теректіліктер үшін жақсылықпен басталды. Федоров ауылдық округіне қарасты Жайық ауылының тұрғындары осыған дейін тасымалданған суды тұтынатын.

terekti su (4)

Енді жағдай өзгерді. Республикалық бюджеттен 212 млн. 822 мың теңге бөлініп, 158 аулаға таза ауыз су жеткізілді.

 "Өңірлерді дамыту" бағдарламасының игілігін көрген халықтың қуанышында шек жоқ. Жайық ауылы тұрғындарының қуанышына Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов ортақтасты.

terekti su (1)

-Аудан үшін бүгін елеулі күн. Аудан орталығына тиіп тұрған ауылдың халқы таза суға мұқтаж тұғын. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жерлестеріміз бүгін шаттыққа кенеліп отыр. Аудан көлемінде әлі атқарылар жұмыс жетерлік. Жылымыз жақсылыққа толы болсын, - деді Әділ Тауфиқұлы.

terekti su (2)

Аудан басшысы жұмыстарды сапалы жүргізген "Жолаушы-жол" ЖШС-ға алғысын білдірді.

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале