20.02.2023, 9:00
Оқылды: 35

«Жайық толқыны» фестивалінің аудандық кезеңі өтті

Казталов ауданының К.Меңдәлиев атындағы мектебінде «Жайық толқыны» фестивалінің аудандық кезеңі өтті.

20230217065328_IMG_6493

Аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология ұйымдастыруымен өткен  фестивальде Қосөзен елінің білім ордаларынан жүздеген оқушы «Жас мобилограф», «Жас көркемсөз оқу шебері», «Жас күйші», «Жас шебер», «Жас дизайнер», «Жас аспаз» номинацияларында сынға түсті.

Фестивальдің ашылу салтанатында К.Меңдәлиев атындағы ЖОББМ-ның директоры Салтанат Кәрімқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

20230217082342_IMG_6505

Бір күнге созылған фестивальде шын мықтылар анықталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

20230217104117_IMG_6622

Олар Жігер Ғалым («Жас мобилограф»), Диана Амангелді («Жас шебер»), Айдана Құрманғали («Жас аспаз»), Айкүн Серікқали («Жас көркемсөз оқу шебері»), Жариза Тұрарбек («Жас дизайнер») және Томирис Талапова («Жас күйші»).

Ал жалпы командалық есепте Ғ.Молдашев атындағы ЖОББМ жүлделі ІІІ орын, А.Оразбаева атындағы ЖОББМ жүлделі ІІ орынға ие болса, К.Меңдәлиев мектебі І орынды қанжығаға байлады.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале