3.03.2023, 17:46
Оқылды: 29

«Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті

Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтті. Оқушыларды адамзат құндылығына баулу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, жалпы мәдениетті насихаттау басты мақсаттардың бірегейі ретінде саналған байқауға ауданымыздың кіл үздік дарындары жиналды.

e6d0239f-faef-43a4-9dcb-be9fe9cfdc1f

Т. Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, А. Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебі, №1 мектеп-лицейі, Ұзынкөл атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Ғ. Қараш атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Ғ. Абдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Е. Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Х. Халиуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Ө. Сақипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі және мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушылары байқау шартындағы әр бағам бойынша өнерлерін тарту етті. Фестиваль ашылуында аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Асқар Есекеев аталмыш шараның маңызын түсіндіріп сайыскерлерге сәттілік тіледі.

1f897a8d-0c8b-4496-9a37-3ed4de3d73bf

«Бозінген» биін билеген бүлдіршіндер мен бард әндер үйірмесінің шәкірті Дияс Бейсовтың орындауындағы «Казахстан это Родина моя» әні қатысушыларға шабыт сыйлады. Байқау алты аталым негізінде үздіктерді анықтап, әр аталымға ауданымыздағы сала мамандары төрешілік жасады. Атап айтсақ, «Жас көркемсөз оқу шебері» бағамы бойынша аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меңдігүл Қуаналиева, мектептен тыс жұмыстар орталығының қосымша білім беру педагогы Мейірбек Ибраимов, «Жас мобилограф» бағамына «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева мен балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бағытының әдіскері Ерлан Нығметов қазылық етсе, «Жас күйші» аталымы бойынша ең мықтыны анықтауда аудандық мәдениет үйінің домбыра жетекшісі Дамир Зейнуллин, аудандық саз мектебінің ұстазы Ақмарал Менешова көрегендік танытты.

7490c6d7-ce2d-4db0-923c-04533ab7f0b8

«Жас шебер» номинациясы бойынша мектептен тыс жұмыстар орталығының қосымша білім беру педагогы Төлебек Есімғалиев пен Айдос Есентайұлы әділ бағасын берсе, «Жас дизайнер» аталымында жеке іс тігуші, мектептен тыс жұмыстар орталығының қосымша білім беру педагогы Айдана Нарынова, БЖТЖ ЭО өлкетану әдіскері Мейрамгүл Серғалиқызы, «Жас аспаз» бағамында М. Ықсанов атындағы Жәнібек аудандық колледжінің мұғалімдері Индира Елемесов мен Нұрбала Смағұлова қара қылды қақ жарып, оқушыларды бағалады.

Байқау қорытындысында «Жас аспаз» номинациясы жүлделі І орынды Х. Халиуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Айша Тұрымтай қанжығасына байлады. «Жас мобилограф» номинациясында жүлделі І орынды ұзынкөлдік Фатима Әділова жеңіп алды.

«Жас көркемсөз оқу шебері» номинациясы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынмен А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектеп оқушысы Нұрай Тілекқабыл марапатталды.

«Жас шебер» номинациясында жүлделі І орыннан №1 мектеп-лицейі оқушысы Динара Тастанова көрінді.

«Жас күйші» аталымында жүлделі І орынмен Т. Жароков атындағы орта мектебінің оқушысы Әлиназар Қадыр жеңіс тұғырына орналысты.

«Жас дизайнер» номинациясында Х. Халиуллин атындағы орта мектеп оқушысы Жансәуле Мұхтар жүлделі І орын алып, көш басынан көрінді.

Жалпы командалық есепте 3-орынмен Е. Ниетқалиев атындағы, 2-орынмен Ғ. Абдуллин атындағы, 1-орынмен Т. Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептері марапатталды.

Жеңіс тұғырынан көрінген қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алып, аудан абыройын асқақтатпақ.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале