19.11.2021, 22:36
Оқылды: 52

Жақсылық жасаудан жалықпа

Бүгін Казталов ауданында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Nur Otan» партиясы Казталов бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Жақсылық жасаудан жалықпа» атты қайырымдылық кеші өтті.

12

Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін «Бастауыш – партия негізі» айлығы аясында ұйымдастырылып отыр.

14

Кешке Казталов аудандық мәслихатының хатшысы Сарсенбай Молдашев, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы, «Казталов» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, дербес бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

13

Қайырымдылық кешіне қатысқан «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин партияның аймақта атқарылып жатырған жұмыстарын атап өтіп, аудан тұрғындарын атаулы мерекелермен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, төраға орынбасары партияның жұмысына белсене араласып, қоғамдық жұмыстардың алдында жүрген Тауасих Хабиболлаұлына «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы атынан алғыс хат табыс етті.

15

Әуезді, рухты ән әуелеп, ырғақты би биленіп, күмбірлеген күй төгілген кеш соңында Казталов бастауыш партия ұйымының төрағасы, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов аудан жұртшылығын қайырымды істерге бастамашы болуға шақырып, шара қорытындысын баяндап, қайырымдылыққа жиналған қаражатты мұқтаж отбасыға табыс етті.

11

Сондайқ-ақ «Казталов-Жәрдем» Қоғамдық қорының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов те Аяжан Асхатқызына қаржылай қолдау көрсетті. Қайырымжылық кешінен жиналған қаржы Аяжан Асхатқызының Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отасына көмек болмақ.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале