16.12.2021, 22:39
Оқылды: 62

Жақсылықұлы жерлестеріне жақсылық жасады

Орал қаласындағы киелі білім ордасы – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Жақсылықұлы Мүтиев жерлестерін «Сырым елі» газетін қолдауға шақырады.

11

Аудан айнасына демеушілік жасауда Жақсылықұлының өзі де аянып қалмады. Ұстаздық қызметінде алғашқы еңбек жолдарын өткерген Аралтөбе, Жамбыл, Қызылағаш мектептерінің ардагер ұстаздарын, сол ауылдардың тұрғындарын – 30 оқырманды өз қаражаты есебінен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап аудан басылымына жаздырды.

– «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті – менің асыға күтіп, сүйіп оқитын басылымым. Еліміздің Тәуелсіздігі қарсаңында қолымнан келгенше, мүмкіндігінше жерлестерімді, бұрынғы әріптестерімді газетке жаздыру – мен үшін құрмет. Аудандағы айшықты оқиғалар мен жаңалықтарды оқырманға жеткізуде әр журналистің еңбегі орасан зор екенін де айтқым келеді, – дейді ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Зейнолла Мүтиев.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале