2.04.2021, 12:01
Оқылды: 84

«Жақсының жақсылығын айт»

Жақында Тасқала ауданы әкімі Алдияр Халелов игі істерімен танылып жүрген ауданның атымтай жомарты Қуан Тасқалиевті қабылдады.

252EEE94-2892-4B17-AB8D-FCDD1DEBBDE9

Айналасындағы ағайынға шуағын шашып, қашанда игі істердің қасынан табылатын мәрт азаматтарымыз баршылық. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бүгінгі қабылдаудың да мән-мағынасы зор. Алдияр Сансызбайұлы қайырымдылық істерді дәріптеп жүрген кәсіпкеріміздің бірі - Қуан Тасқалиевке «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының алғысхатын табыстады.

381924DA-6C6A-4AD1-8059-72960C2128C6

   «Сізге қоғам игілігіне жасап жатқан қызметіңіз және өзгелердің қиындығын шынайы жүрекпен сезініп, жан жылуыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз» делінген алғысхатта.

   Жақсылықтың қасында әрдайым жақсылар жүретіні белгілі. Аталмыш қабылдау барысында аудан әкімі Қуан Тасқалиевтың осы кезге дейінгі атқарған игі істері мен ауданның дамуына қосқан үлесін тізбектей келе, аталмыш кәсіпкердің деніне саулық тілеп, елдің атынан ризашылығын білдірді.

Темірболат Әнуарұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале