12.06.2022, 10:08
Оқылды: 2860

Жалпақтал ауданы қайта құрыла ма?

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиев Казталов ауданының тұрғындарымен кездесті. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде жол, әлеуметтік нысандардың құрылысы, интернет, су және басқа да мәселелерге қатысты сауалдар қойылды.

52099667-9D95-4A42-871D-4E7BDC60D313

Бұл күні Ғали Нәжімеденұлы Жалпақтал ауылының тұрғындарымен де кездесті. Жиында жалпақталдықтардың көптен бері айтып келе жатқан мәселесі – Жалпақтал ауданын қайта құру жөнінде айтылды. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуановтың айтуынша, бұл мәселе 1997 жылы аудан тарағаннан бері қозғалып келеді. Жалпақтал тұрғындары осы мәселені айтып, Мемлекет басшысына, Үкіметке, облыс басшысына ашық хат жазған. Зейнеткердің сөзін қостап замандастары Ғ.Ерекешев, Б.Бекешев, М.Өмірәлиев және жастардың атынан С.Қадемов сөз сөйледі.

99F17322-450A-4D3C-BD82-B4E692045206

Зейнеткерлер Жалпақталдың аудан болған кездегі толағай табысы мен сол кезде елеулі еңбек еткен жандар туралы баяндады. Олар өздерінің тілегіне ауданнан жырақта жүрген жерлестері де үн қосатынын айтты. Кездесуге келгендер облыс басшысына Жалпақталды дербес аудан ретінде құруға қолдау-көмек беретініне үміт артатындарын жеткізді.

077B1960-3DDF-4699-BF2D-219378802E9C

– Облыстарды немесе аудандарды бөлгенде оның экономикалық және саяси негіздемесі болуы керек. Мен бұл мәселенің саяси жағы бойынша  ұсынысымды Президент әкімшілігіне айтамын. Бірақ сіздер айтқан мәселенің шешімі осы жерде қабылданбайды. Себебі бұл тек Жалпақтал мен Казталовтың арасындағы сұрақ емес. Облыста  тағы екі ауданда осындай мәселе бар. Ал Қазақстан бойынша одан да көп. Қазір бір ауданға оң шешім қабылдаса, басқа облыстардың да осы мәселені көтеретінін түсінуіміз керек. Сондықтан саяси шешім шығару елорданың құзыретінде. Мен тек бұл мәселені орталыққа жеткіземін. Ол үшін талдау, негіздеме болуы керек. Енді ауданды бөлудің экономикалық ахуалына үш аудан, яғни Казталов, Бәйтерек және Ақжайық аудандары бойынша құрылған комиссия талдау жасайды. Комиссия бұрынғы аудандар арасында әділетсіздік, қолайсыздық бар-жоғын тексереді. Мен Президент әкімшілігіне тек сіздің ауданның емес, қалған екі ауданның да мәселесін  жеткіземін. Жоғары жақ шешім шығарғаннан кейін сіздерге айтамын, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

2B6F2454-182B-45F9-9A2F-80DA94C41A14

Облыс әкімі аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына бір күн Жалпақталда қызмет етуді тапсырды. Бұл жалпақталдықтарға құжат алуда, мамандардың қолын қойдыруда не мөр бастыруда қолайсыздықтар болдырмас үшін қажет. Олардың жалпақталдық ағайынды қабылдап, ұсыныс-пікірлерін тыңдауға міндетті екенін атап өтті.

Материалдың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің сейсенбі күні шығатын санынан оқи аласыздар!

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале