22.05.2025, 20:00
Оқылды: 73

Жалпақтал ауылдық кітапханасының жаңа дәуірі басталды

«Кітап – тек білім мен даналықтың көзі емес, ол-ұзақ әрі сапалы өмірге апарар жол». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы-кітап оқу» деген болатын. Ауыл кітапханаларын модернизациялау жобасы аясында Жалпақтал ауылдық кітапханасы «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен, «Тана» қоғамдық қоры арқылы кітапхана заман талабына сай қажетті жаңа технологиямен, қажетті құрал жихаздармен жабдықталып, кемел келешек үшін оқырмандарға қуаныш сыйлады.

IMG-20250522-WA0047

Бүгінде кітапханаларымыз білім іздеген жастардың шығармашылығын дамытуға арналған жаңа форматтағы руханият ордасына айналып отыр. Салтанатты шарамыздың шымылдығын әйгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблі әннен шашу шашып, шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрлиев Серік Ерболатұлы, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Уразаева, «Тана» қоғамдық қорының жоба менеджері Динара Сейткалиева, Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың директоры Марфуға Айткалиева, айтыскер ақын, сазгер, әнші-термеші, еңбек ардагері, Казталов ауданының Құрметті азаматы Сәрсенғали Бисенғалиұлы қатысып, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Кітапхана іші - «Шығармашылық алаң», «Би залы», «Абонемент залы», «Оқу залы» алаңдарымен толықтырылып, кітап сөрелеріндегі жаңа әдебиеттер мен кітапханаға келген әр оқырманға жайлы жағдай жасалғаны жөнінде таныстырылды.

IMG-20250522-WA0056

Пікір алмасу аймағында кітап оқуға тартуда өз ойларымен бөлісіп, К.Мендалиев атындағы жобб мектебінің директоры Салтанат Кәрімқызы естелік сыйлық тарту етті. Шара соңында Баян Құбайқызы жетекшілік ететін «Шапағат» әжелер ансамблі әдемі ән шашуын жолдады.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале