23.05.2025, 12:00
Оқылды: 740

Жалпақтал ауылдық мәдениет үйіне жаңа көлік берілді

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрбек Мұхамбетқалиевке салтанатты түрде «Газель» автокөлігінің кілтін табыстады.

FB_IMG_1747967133414 (1)

Автокөлік кілтін табыстау шарасына өнер саласының ардагерлері қатысты.
Бүгінде мемлекет барынша мәдениет саласына көңіл бөліп, ауыл-аймақтардың мәдени өмірінің жандануына күш салып келеді. Ауыл ауылдардағы мәдениет ошақтары базалық техникалық жабдықтармен толықтырылып, жандана түсуде.

Бұл ретте мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерді өресіне жеткізе білетін, өнер кемесінің дұрыс бағыттай алатын сала қызметкерлері  үшін материалдық жағынан тағы бір үлкен мүмкіндік болмақ. Бұның бәрі жұмыстың жандануына, өнер мәдениетінің дамуына әсер етері сөзсіз.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале