17.02.2024, 17:30
Оқылды: 13

Жалпақтал ауылында интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді 

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков Ауған соғысының аяқталуына 35 жыл толуына орай Ауған соғысына қатысып, өздерінің интернационалдық борышын өтеп келген жалпақталдық ардагерлер Файзолла Төреғалиев, Халиолла Сәрсенғалиев, Иван Вологин сынды жерлес жауынгерлерді салтанатпен қабылдап, жалпақтал жұрты атынан бүгінгі күннің батырларын айтулы күнмен құттықтады.

IMG-20240216-WA0048

Ел атынан көрсетілген құрметке риза болған ардагерлер әскери борышын өтеу кезіндегі түрлі оқиғалар жөнінде көптеген мәліметтерін баян етсе, шараға қатысқан ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев пен ауылдық әйелдер Кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сапахова құрметті қонақтарды құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр тіледі.

Басқосу соңында шара қонақтары естелік суретке түсті.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале