18.09.2020, 22:45
Оқылды: 106

Жалпақталда бас имам ауыл тұрғынына баспана сыйлады

Қасиетті жұмада. Баспана – бақыт шамы. Қоныс құтты болсын, ауылдас!

Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы-теолог Тілепберген қажы Ахмеджанұлы ҚМДБ–ның «Зекет» коорпоративтік қоры атынан ұйымдастырылған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, отбасында 1-топтағы мүгедек баласы бар жұмыссыздар санатындағы ауыл тұрғыны Қаныбек Ғұбашевтың отбасына үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып жүрген мұқтаж отбасыға жайлы қоныс сыйлады.

IMG-20200918-WA0043

Ауыл имамының осындай сауапты игі іске мұрындық болып, шынайы ықыласпен жасаған қайырымды қадамына қоныс иелері ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы, Казталов аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанұлы, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилым Шәріпұлы, облыстық орталық мешіттің найб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Уәлиоллақызы, Жалпақтал ауыл әкімі Әлия Нәсіпқалиқызы, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің меншікті тілшісі Қыдыр Қаресұлы және Жалпақтал жастар жетекшісі Әйбек Әділгерейұлы қатысты.

IMG-20200918-WA0045

ҚМДБ-ның «Ел үлесі – пәтерге» акциясы арқылы күллі ел аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларды тұрғын үймен қамту бастамаларын, осындай игі істің әлеуетін одан ары көтеріп, әлеуметтік жағынан осал топтарға қайырымдылық көмектері тоқырамай, ізгілік жолында тізе біріктіріп, баспанаға мұқтаж ауылдас тұрғындардың алғыстарына кенеле берсін демекпіз. Ізгілердің дүр сипаты - өзгелерге шынайы ниетте қайырымдылық жәрдем болса, оларға қамқорлық жасау – ізгілікке бастар жол ағайын!

IMG-20200918-WA0046

Жалпақтал ауылдық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале