5 мамыр күні Жалпақтал Мәдениет үйінде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметінің сержанты болып қызмет атқарған әнші, сазгер Қуат Ахметов бастаған өнерпаздар «Әуенге айналған тағдыр» атты қайырымдылық концертін өткізді.

Танымал әнші, композитор Қуат Еркетаңұлы Казталов ауданының тумасы, Алма Оразбаева орта мектебінің түлегі. Патриоттық рухты әндердің авторы атанған Қуат бауырымыз өнердегі әріптес досының тағдырлы жолына бей-жай қарамай, қайырымдылық концерттен түскен қаражат толықтай Шынардың алдағы ем-домына жұмсалатынын жария етті.

Әсем әуенге толы тамаша коцерттің соңында жалпақталдық көрермендер атынан өз ризашылығын білдірген Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков ән кешін ұсынған өнерлі қонақтарға алғысхат табыс етті.


Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы