17.01.2018, 12:29
Оқылды: 70

Жалпақталда төрт көше асфальтталмақ

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, мекеме, кәсіпорын басшыларымен кездесті.

- Асфальтталған жолдарды күтіп ұстауымыз қажет. Егер біздер оларды күтіп ұстамайтын болсақ, несіне төседік?! Алғашқы қар жауған кезде қарды тазалап тұру қажет. Жолдарды және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды күтіп ұстауға аудан орталығына 4 млн. теңге қаражат бөлінсе, Жалпақтал, Қараөзен ауылдарына да сондай қаражат бөлініп отыр. Бүгін қар жауды ма? Түнімен жұмыс жасап, тазалап отыру керек. Биыл Жалпақтал ауылындағы төрт көше, соның ішінде С.Датұлы мен І.Масалиев көшелерінің қалған жартысы, К.Меңдәлиев, Меңдіханов көшелері асфальтталатын болады,-деді кездесуде аудан басшысы Абат Абайұлы.

Аудан әкімі Мәдениет үйлерінде айы сайын түрлі бағыттағы шаралар өтіп тұруын тапсырды. «Біздер әншілерді, бишілерді мәдениет үйінен мерекелік мейрамдарда ғана көреміз»,-деген Абат Абайұлы аудан орталығындағы мәдениет және Жалпақтал Мәдениет үйінің жұмыстарын сынға алды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале