12.01.2024, 23:00
Оқылды: 55

Жалпақталда жол оқиғаларының салдары талқыланды

Кеше Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінде ауыл әкімі Ғаділбек Әлібековтің жетекшілігімен өңірімізде орын алған жол-көлік оқиғаларының салдарын талқылаған жиын өтті.

20240112_162318

Аталмыш жиынға Жалпақтал полиция бөлімінің бастығы Дастан Искалиев, «Жиенбай» ЖШС-нің өкілдері Нэйла Сұлтанова мен Ұлболсын Сүлейменова, «БақытТранс» ЖШС-нің өкілі Аманжол Хайруллин және басқа да жауапты мамандар қатысып, жол-көлік оқиғалары салдарынан орын алған келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Еске сала кетсек, Жаңа жыл басталған басы-аяғы он күн ішінде өңірімізден 12 адам опат болып, 21 адам жарақат алды. Адам жанын түршіктірген бұл жағдайдың салдары осы жиында жан-жақты талқыланып, ашық пікірталас барысында ашынып та айтылды.

Онда көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі, жолды күтіп-ұстауға жауапты мекемелер жұмысының мардымсыздығы, қар жауып, ауа райы құбылған бойда барлық бағыттағы жол бірыңғай мерзімде тазартылуы шарт екені естен шығарылмаса деп, өз уәждерін ортаға салды.

Жиында айтылған мәселелер, жүктелген міндеттер уақытылы іске аспай қалмауы үшін араға уақыт салып, тағы да кездесетін болып келісілді.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале