30.03.2024, 17:29
Оқылды: 46

Жалпақталдық команда Жаңақалада өткен турнирден жеңіспен оралды

28 наурыз күні Жаңақала ауданының орталығындағы спорт кешенінде аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткері Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Сапаров Сатқали Сапарұлын еске алуға арналған футзалдан аудандық ашық турнир өтті.

InShot_20240330_160809109

Оған Ақжайық ауданынан Үштөбе, Жаңабұлақ, Қабыршақты ауылдары командалары, Бөрлі ауданы командасы, Бөкей ордасы ауданынан Ақбөрлi Мақсат командасы, Теректі ауданынан Подстепное ауылының командасы, Казталов ауданынан Жалпақтал ауылының командасы және Жаңақала ауданынан «CLEM SERVIS» командасы мен Көпжасар, Мәстексай, жеке кәсіпкер «Ибрашев», аудандық аурухана, мектеп - гимназиясы мен Жаңақала ауданының командасы қатысып, он төрт команда өз бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Жалпақтал ауылының командасы, ІІ орынды Қабыршақты ауылының командасы, ІІІ орынды Жаңабұлақ ауылының командасы иемденіп, ауылдарына жеңіспен оралды.

Көп команда қатысқан айтулы жарыста Жалпақтал ауылы командасының ойыншысы Ернұр Қайыржанов «Үздік ойыншы» аталымына ие болды.

Жарыста жеңімпаз болып танылған Жалпақтал командасы бірінші орынға тігілген 150 мың теңге ақшалай қаражатпен, Кубокпен, дипломмен, медальдармен және номинация иесі атанған Ернұр ақшалай сыйлықпен марапатталды.

InShot_20240330_160638671

Сондықтан да осынау жарысқа қатысуға мүмкіндік туғызған ауыл әкімі Ғаділбек Әлібековке, аудандық мәслихат депутаты Мәди Меңдешевке, Жалпақтал балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев пен команданы бастап барған Қуандық Молдағалиевке және түнгі уақыт болса да жеңіспен келген команданы салтанатты түрде қарсылап алған жалпақталдықтарға жарысқа қатысушы спортшылар шынайы алғысын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале