26.12.2019, 9:51
Оқылды: 218

Жалпақталдық жастар қайырымдылық эстафетасын бастады

Қазталов ауданының Жалпақтал ауылының жастары 12 желтоқсан күні «Жаңа жыл да жақсылық жаса» атты қайырымдылық эстафетасын қолға алған еді. Қайырымдылық аясында 12 күннің ішінде көрсетілген есепшотқа 223 мың 424 теңге түсті. Әлеуметтік желі арқылы жарияланған бастама өңір тұрғындары арасында да үлкен қолдау тапты.

qaztalov (5)

Бұл жазба жарияланысымен-ақ, белсенді жастардың алғашқы легі қаржы аударып, жазбаны парақшаларына салып, қоғамдық іске үн қосты.

Елбасы Жолдауында жастарға жалғызбасты, науқас жандарға қайырымдылық таныту қажет екенін айтқан болатын. Президент: «-Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіндігі сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет», - деді. Қайырымдылықтың басы-қасынан табылатын бізге Елбасының бұл сөзі жанымызға жалау болды. Біз еріктілер жылының еншісіндегі басты бағытқа жол тарттық. Бір топ ерікті қамкөңіл қарияларға, көп балалы отбасыларға, жаны жабырқаулы сәбилерге қолұшын созуды мақсат еттік. Ісіміз берекелі болып, мақсатымыз орындалды.

qaztalov (2)

Игі бастама аясында жаңа жыл мерекесін армандап, ұзақ күтетін айналамызда қаншама жандарды көрдік. Күнделікті өмірде сіз бен біз байқай бермейтін ерекше көріністің куәгері болдық.

Берекелі бастаманың нәтижесінде 7 жалғыз басты қарияға және 50 балаға сыйлық (тәттілер, күртеше, аяқ киімдер) таратылды. Сондай-ақ қалған қаражатқа әлеуметтік жағдайы төмен отбасының үйіне көгілдір отын желісі тартылмақшы. Бұл болашақтың еншісінде.

Жалпақтал жастары қайырымдылық эстафетасын Батыс Қазақстан облыстық «Jas Otan» жастар қанатына және барлық аудан жастарына жолдайды.

Жұлдыз Асқар

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале