26.12.2023, 16:45
Оқылды: 141

Жаңа әкім тағайындалды

Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі лауазымына Эльдар Аманғалиев тағайындалды.

IMG20231226154932

Тағайындалған әкімді округ аппараты мен қауымдастық мүшелеріне Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, Эльдар Талғатұлының алдағы қызметіне табыс тіледі.

Сонымен бірге аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов округ әкіміне куәлік берсе, Асланбек Ахметоллаұлы осы күнге дейін Талдықұдық ауылдық округі әкімі қызметін абыроймен атқарған Ақжол Қазиуллинге ел атынан алғыс білдіріп, алғысхат табыстады.

IMG20231226154954

Эльдар Талғатұлы 1986 жылдың 21 тамызда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Талдықұдық ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2013 жылы «Еуразия» гуманитарлық-экономикалық колледжін құқық қорғау және 2023 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін Батыс ұлттық қауіпсіздік және әскери іс мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы «Саят Секьюрити» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің күзетшісі қызметінен бастаған;

2010-2013 жылдары Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі бойынша нұсқаушысы;

2014-2015  жылдары Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі бойынша нұсқаушысы;

2015-2016 жылдары Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының статисті;

2016-2018 жылдары Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы;

2018-2019 жылдары Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы;

2018 жылдан бастап күні бүгінге Казталов ауданы Талдықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале