15.12.2023, 14:45
Оқылды: 1

Жаңа әкімді таныстырды

Казталов ауданы Қараөзен ауылдық округінің әкімі лауазымына Нұрхат Болаев тағайындалды.

IMG20231215115629

Қараөзен ауылдық округі активі мен қауымдастық мүшелеріне жаңа әкімді Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов таныстырып, Нұрхат Сатыбалдыұлының алдағы қызметіне табыс тіледі. Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов округте өткен сайлау қорытындысын жариялап, округ әкіміне куәлік табыстады.

Нұрхат Сатыбалдыұлы 1984 жылдың 27 қарашада Казталов (бұрынғы Фурманов) ауданының Көмекші ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Еуразия Академиясын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

IMG20231215115613

Еңбек жолын 2005 жылы Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы Ғ.Молдашев атындағы мектепте ЭЕМ операторы қызметінен бастаған.

2005-2011 жылдары Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Ғ.Молдашев атындағы мектептің ЭЕМ инженері, инфрматика пәнінің мұғалімі;

2011-2012 жылдары Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі әкімінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы;

2012-2013 жылы Жалпақтал ауылы №17 кәсіптік лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2013-2015 жылдары Казталов ауданындағы С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры;

2015-2018 жылдары Жалпақтал ауылы «Қазпошта» АҚ Жалпақтал АПББ бастығы;

2018-2022 жылдары Ақпәтер ауылдық округінің әкімінің қызметін атқарды.

2022 жылдың 12 қыркүйегінен осы уақытқа дейін Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале