4.04.2017, 12:33
Оқылды: 51

Жаңа деңгейлі бюджет құрастыруға әзірлік талқыланды

Shingirlau zam akim    Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, мекеме басшылары мен мамандары қатысқан  үлкен семинар - жиын өтті.


         Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева және облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алтай Құлқаев, экономика және  бюджеттік жоспарлау басқармасының, жергілікті бюджеттік кірістерін болжау және талдау бөлімінің басшысы Ғалым Жұбанышев, облыс бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Тимур Төлепов қатысты.

- Ендігі кезекте ауылдық округ әкімдігінің мойындарына үлкен жүк артылып, өздері дербес шешім қабылдап, халықпен тығыз жұмыс істей отырып, қаражатты  тиімді пайдалануға көшпек. Алдағы болатын өзгерістерге сақадай сай болу үшін ең алдымен дайындық жұмыстары болуы тиіс. Тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып, үш жылды алға салып, әр округ  жоспарлау жұмысымен айналысуы да  қажет, - деді жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы түсіндіру жөнінде облыс әкімінің орынбасары  Бибігүл Тишанқызы.

         Жиында екі мәселе қаралып, нақты түсіндіріліп, оған қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауаптар берілді. Әрбір округ әкімі аппаратының өзінің қолма-қол бақылау шоттары бар. Аталған шоттарға мүлікті жалдау ақысы, демеушілерден көмек қаржысы да түсіп отырады. Аудан бюджетінен  трансферттер аударылып тұрады.

         Қаражатты мақсатты жұмсауда қоғамдық келісімдер алдына қойылып, мақұлданып отырылады. Мысалы, өткен КСН шоттарында 17 млн. 262 мың теңге болса, соның ішінде 14 млн. 463 мың теңге бюджеттік трансферттер, жұмсалғаны 12 млн. 682 мың теңгені құрады. Аталған қаржыға ауылдарды абаттандыру жұмыстары, көшелерге қосымша жарық көздері орнатылған. Қыста қардан тазарту жұмыстарына да осы қаражаттан бөлінген.

         Ал биылғы жылы аудан бюджетінен трансферттер ретінде 31 млн. 122   мың теңге қарастырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале