22.05.2024, 14:30
Оқылды: 0

Жаңа ізденістерге жетелейді

Жуырда Оралда «Балдәурен» өнер байқауы өткен болатын.

жаңа

Облыстың әр ауданынан топ жарып шыққан жеңімпаздар соңғы шешуші сәтте де барларын салып, өнерлерімен көпшілікті тәнті етуге тырысты.

Шыңғырлау аудандық музыка мектебінің түлектері де ұстаздарының сенімдерін ақтап қайтты. Дәстүрлі ән орындайтын музыка мектебінің оқушылары жыр айту жанры бойынша жүлделі орындардан көріне алды. Мерей Рахимжанова ІІ орынды жеңіп алса, Ару Бисекенова дипломант атанды.

Жас өнерпаздары тәрбиелеп жүрген жетекшісі Аманғали Сатпановтың де еңбегі жанған байқау оларды жаңа ізденістерге, биік мақсаттарға талпындырғаны шындық.

Гүлназ Мұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале