28.12.2023, 16:00
Оқылды: 90

Жаңа нысан бой көтерді

Бүгін Жәнібек ауданында, соның ішінде Қамысты ауылында үлкен қуаныш. Ауыл тұрғындарының бірнеше жылдан бері көтеріп жүрген мәселенің бірі  оң шешімін тапты. Яғни фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.

IMG_20231228_133304_962

Бірінші байлық – денсаулық, ал еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамиды. Ел Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылғы халыққа арнаған Жолдауында ауылдық жердегі денсаулық нысандарының құрылысын салуды, халықтың денсаулығын жақсартуды тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Қамысты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің іргесі қаланып, бой көтерді.

Ел қуанышын бөлісуге облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Асылбек Қаналиев, облыстық құрылыс басқарма басшысының орынбасары Нұркен Молдашев, Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов пен аудандық орталық ауурхананың бас дәрігері Сәуле Ысмағұлова арнайы келді. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, зор денсаулық тіледі.

IMG_20231228_133402_103

 

Өз кезегінде ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Айман Ғұмарова тұрғындар атынан ризашылығын білдіріп, көтеріліп келген мәселе оң шешімін тауып жатқанын айтып, қуанышын жасырмады.

Ән шырқалып, ғимараттың лентасы қиылып, шашу шашылды. Жиналғандар ФАП-қа бет алып, жаңа нысанмен танысты.

IMG_20231228_133354_827

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы мемлекеттік мекемесі тапсырыс беруші ретінде ауылдық жерде халықтың денсаулығын оңалтып, жедел ем тағайындау үшін  қызмет сапасын арттыру, сауықтыру жұмысын дер кезінде жүргізу мақсатында құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мердігер –«БатысКотлоМонтаж» ЖШС.

Райымбек Шапағат,

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале