1.12.2023, 17:35
Оқылды: 5

Жаңа орынбасар тағайындалды

Бүгін Жаңақала ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды.

WhatsApp Image 2023-12-01 at 17.10.54

Жаңа орынбасардың есімі - Ғұмар Руслан.

Руслан Қонысбайұлы 1982 жылы 27 маусымда Орал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Мамандығы тарих және география пәнінің мұғалімі.

Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Д.Нұрпейісова атындағы мектептің мұғалімі қызметінен бастаған.

2010-2014 жылдары Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері;

2014 жылдың маусым-қыркүйек айлары Жаңақала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы;

2014-2017 жылдары «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру, бақылау және құқықтық жұмыстары бөлімінің жұмыс жөніндегі бас маманы;

2017-2019 жылдары «Жаңақала ауданы әкімі аппараты» ММ персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;

2019 жылдан күні бүгінге дейін  Жаңақала аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Аруғаным Қазиева,

 Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале