13.02.2024, 15:15
Оқылды: 27

Жаңа орынбасарды таныстырды

Бүгін Қаратөбе ауданында актив жиналысы өтті. Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан активіне жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Шайжанов таныстырды.

 IMG_2901

 –  Бүгіннен бастап менің өкіміммен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Мұхтар Мерекеұлы тағайындалды. Осы елдің азаматы. Әкім аппаратында жұмыс істеп кетті. Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы болды. Қазіргі таңда үлкен бір бөлімнің басшысы. Жас жігіт, білімді, мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Бұл сала үлкен сала, сондықтан елдің азаматтарымен бірлесіп осы саланың жұмысын әрі қарай жүргізеді деген сенімдемін, - деп аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Мұхтар Мерекеұлын жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

IMG_2910

 Жиналыс барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Шайжановқа жылы лебізін білдірді.

 – Жас жігіттердің қызметке келіп жатқанына қуаныштымыз. Болашақтарың зор. Осы тұрған әріптестің барлығы сізге сәттілік тілейді. Осындай жасында кебір азаматтар облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып жатыр. Оның қасында өз ауданың, туған жерің. Сондықтан да осы қызметті абыроймен атқарады деп сенеміз. Қадыржан Орынбасарұлы сізге жақсы маман келді деп есептейміз, - деді Нұрлан Құмарұлы.

Өз кезегінде Мұхтар Шайжанов аудан басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізді.

IMG_2906

- Осы қызметке лайықты деп сенім білдіргеніңіз үшін рахмет! Біріншіден барлық білімімді, жинаған тәжірибемді, күш жігерімді сенімдеріңізді ақтау үшін жұмсаймын. Еліміздің даму бағытында бірлесіп жұмыс жасайық дегім келеді. Елге келіп қызмет ету – екі есе жауапкершілік. Сенімдеріңізді ұятқа қалдырмауға тырысамын, - деді.

 

Бекжан Қойшекенов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале