28.04.2022, 13:00
Оқылды: 62

Жаңа саябаққа тал егуде

Көктем мезігілі шығып, жер-жерде тазалық айлығы басталып та кетті. Ауылды көркейту, көгалдандыру мақсатында апта сайын сенбілік өтуде. Өткен аптада жаңадан салынып жатқан 2 пәтерлі 40 үйдің жанындағы саябаққа тал егу жұмысы басталды.

IMG-20220428-WA0036

- Жаңадан салынған саябаққа барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылып жатыр. Көшет отырғызудың мақсаты – Президенттің берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Бүгінгі күні 2600-ден астам ағаш көшеттері осы жаңа саябаққа отырғызылды. Бұл саябақты күтіп ұстау Жаңақала ауылдық округінің меншігінде. Сондықтан біздер бұның жайқалып өсіп кетуіне әрі қарай жағдай жасайтын боламыз, - деді Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале