25.07.2022, 18:00
Оқылды: 102

Жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаты залында Амангелді Әділов атындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Жора Жанғазиевтің төрағалығымен жиын өтті.

03

Күн тәртібі бойынша бастауыш партия ұйымының мүшелеріне «AMANAT» партиясының жаңа үлгідегі билеттері табысталды. Жиында сөз алған Әділов атындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Жора Жолдасқалиұлы:

04

– Қазіргі таңда бұл бастауыш партия ұйымының құрамында 105 мүше бар. Жаңа партиялық талаптарға сай бұрынғы «Нұр Отан» партиясы мүшелігінде тіркелген азаматтар жаңадан аталған партияның атауы «AMANAT» партиясы болып өзгеруіне байланысты партияның жаңа үлгідегі билеттерін табыстау мақсаты тұр. Сондай-ақ табысталған билеттер мен парияға тіркелген азаматтардың тізімі арнайы дерекқорда тіркелу үшін аудандық «AMANAT» партиясы филиалына жолданады,- деді.

05

Жиын барысында «AMANAT» партиясы құрамындағы азаматтарға партия билеттері салтанатты түрде тапсырылды. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен жаңа партиялық билеттер табысталатын болады.

Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале