28.12.2022, 14:45
Оқылды: 75

Жаңа жыл тойы тойланды

Теректі аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің, Жаңа жыл» деген атаумен мерекелік шырша тойы өтті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға мүгедектігі бар бүлдіршіндер қатысты.

1

Балалар шыршасына куә болған аудан әкімі Тілек Габдушев бүлдіршіндерге ақ жарма тілегін білдірді.

— Биылғы балалар жылы толағай табыстарға толы жыл болды.  Бүлдіршіндерімізге арнап жыл бойы түрлі бағдарламалар өтті. Әрі қарай да жалғасатын болады.  Ең бастысы балаларымыз ауырмасын, - деді өз сөзінде.

4

2

Балғындарды арнайы құттықтай келген мультфильм кейіпкерлері—  майнкрафт,  қуыршақ Лол, аққала, тышқан, барыс мерекенің сәнін кіргізді. Әсем кештің «шырқын бұзған» зұлым Хагги Ваггиге қарсы тұрған балалар би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді.  Таңғажайыпқа толы кештің кейіпкерлері  Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндердің өлеңдерін тыңдап, қоржынынан тәтті үйлестірді.

3

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі мамандары балаларға арнап тәттілер мен естелік сыйлықтар үйлестірді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале