2.01.2024, 11:00
Оқылды: 57

Жаңа жылда сырымдық қарияларға құрмет көрсетілді

Кеше Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Ба­тырниязов жаңа жылдың алғашқы күнінде қа­рияларды жаңа жылмен құттықтап, батасын алды.

722ccbe2-ffe0-4f5e-a93e-279ec1ffc0d2

Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Ерболат Ахметов, ауда­ндық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Мүсір­бек Айташев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Қаналиев, Жымпи­ты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғ­алиев Жымпиты ауылын­ың тұрғыны, “XXII па­ртсъезде” ұзақ жылдар сауыншы болған көпбалалы ана Мукарама Қасқырбаеваны 89 жа­сқа толып отырған ту­ған күнімен, астық қабылдау пунктінде ес­епші болған Анастасия Сәлменованы және ел ағасы, күні кешеге дейін аудандық арда­герлер кеңесінің төр­ағасы болған Әнуарбек Ғалымовты жаңа жыл­мен құттықтап иығына шапан жауып, құттық­тау хаттар мен тәтті­лер табыс етіп, қари­ялардың алғысына бөл­енді.

51d71af2-2b21-48d6-97eb-8cc4c06c9f17

Мереке қарсаңында ел­еусіз-ескерусіз қалм­аған қариялар аудан әкімі бастаған ұжымға алғыс жаудырып, ба­тасын берді.

d43ff8d7-0a01-4eaf-bda9-6c9c31c8790a

aa3d57ba-eda2-4899-955b-883143868634

dcf1ec6c-4482-496f-9660-cfe17289ed4e

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале