9.01.2023, 21:32
Оқылды: 41

Жаңа жылға жаңа көлікпен

Қызылоба ауылдық округіндегі Есен Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне құны 38 млн 900 мың теңге тұратын мектеп жасындағы балаларды елді мекендерге (тұрғылықты мекен-жайларына), аудан орталығында болатын олимпиадалар мен спорттық ойындарға, іс-шараларға тасымалдауға арналған су жаңа автобус берілді.

323686127_3260842324177645_6655991689852368684_n

Айта кетейік, бұл аудан мектебіне берілген алғашқы көлік емес. «2022 – балалар жылы» аясында былтырғы жылы Жаңақала мектеп-гимназиясына аталған мақсатта балалар автобусы берілген болатын. Жатақхана тәрбиеленушілері мен ата-аналардың қуаныштарында шек жоқ. Осындай игі істер шешімін таба бермек.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале