13.07.2026, 21:30
Оқылды: 0

Жаңақала: 10 үміткер қайтарымсыз грант конкурсына қатысты

​«Әділет» партиясының Жаңақала аудандық филиалында аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қайтарымсыз грант беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

image-13-07-26-09-14-1

Биыл аудан бойынша жалпы саны 8 тұрғынға мемлекеттік грант қарастырылған. Кездесуде осы қолдаудың алғашқы легіне үміткерлердің жобалары қаралды.

​Грант алуға барлығы 11 өтініш түскен. Отырысқа бір үміткер келмегендіктен, қалған 10 қатысушы комиссия алдында бизнес-жоспарларын қорғады. Ұсынылған жобалардың ішінде 3 адам мал шаруашылығын, 1 адам құс өсіруді, ал қалғандары тігін, кондитерлік өнімдер мен наубайхана ашу, көлік жөндеу, сүт өңдеу және балмұздақ дайындау кәсібін қолға алуды жоспарлап отыр.

​Комиссия мүшелері жобалардың тиімділігін талқылап, қатысушыларға сұрақтар қойды. Грант жеңімпаздары алдағы үш жұмыс күні ішінде анықталады.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале