10.10.2022, 18:05
Оқылды: 56

Жаңақала аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

БҚО полиция департаментінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 810 ж/қ бұйрығымен Жаңақала ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ерген Төлегенұлы Төлемісов тағайындалды. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында мекеме басшыларының қатысуымен болған жиында БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Абылайхан Серіков жаңа аудандық полиция басшысын таныстырды. Жиналысқа қатысушылар Е.Төлемісовті жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

IMG_1484

Е.Төлегенұлы 1978 жылдың 20 мамырында БҚО, Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1995-1999 жылдары Қарағанды полиция академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 

IMG_20221010_174922

1999-2004 жылдары Орал қаласы, ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі;

2004-2012 жылдары БҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі; 

2012-2020 жылдары БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары;

2020-2021 жылдары БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы;

2021 жылдың 21 қаңтарынан 2022 жылдың 4 шілдесіне дейін Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Отбасылы, 2 ұлы, 2 қызы бар. 

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале