Жаңақала ауданы әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, қоғамдық кеңес төрағасы Руслан Оразалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Айдар Қаресов, барлық ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысып, күн тәртібінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы, ауданға инвестиция тарту, жерді тиімді игеру, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру сынды өзге де ағымдағы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева баяндама жасап, «Ауыл аманаты» жобасының аудан бойынша жоспардың орындалуы, 2023 жылы бағдарлама бойынша несие алған тұрғындардың несие демалысы аяқтала келгеніне тоқталып, ауданға тартылған инвестицияның жәй-күйі туралы айтып өтсе, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Есен Бекболатов аудан бойынша жерді тиімді игеру жұмыстары, шаруа қожалық басшыларының келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы төмен екені туралы сөз етті.
Ал білім беру бөлімінің басшысы Данял Танзенов оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру туралы хабарлама жасады. Жиында басқа да ағымдағы мәселелер қозғалып, аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы тиісті бөлім, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы