8.09.2024, 9:30
Оқылды: 93

Жаңақала ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Кеше Жаңақала ауданы орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ауылдық округтердегі шаруа қожалық пен кәсіпкерлердің өнімдері тұрғындарға ұсынылды. Жәрмеңкені аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев аралап, өнім бағаларына назар аударды.

image-07-09-24-11-06-1

Жиылған қараны көріп, аудан халқы жергілікті сапалы әрі табиғи тауарды қолжетімді бағада алу үшін сенбінің таңымен таласа тұрғанын байқадық. Мәселен, тәтті құрт 1200 теңге, қатты құрттың 1 данасы 100 теңге, сары майдың 1 келісі 6000теңге, айранның 1 литрі 600 теңге болса, бақша өнімдері, атап көрсетсек, картоп бағасы 140 теңгеге, қарбыздың келісі 70 теңгеге, ал қауынның келісі 150 теңгеге, 1 келі қияр 150 теңгеге, болгар бұрышы мен баялдының 1 келісі 350 теңгеге сатылды. Сондай-ақ қызылобалық кәсіпкер қысқы мал азығының бір бумасын 6500-7000 теңгеден ұсынды.

image-07-09-24-11-06-4

Еске салып кетелік, бұл жыл басынан бері өтіп жатырған 7-ші жәрмеңке.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале