23.11.2023, 15:00
Оқылды: 17

Жаңақала ауданында қысқа дайындық пысықталды

Жаңақала ауданында «Қыс - 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуыларын ұйымдастыру бағытында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында іс-шара өтті.

7cab2077-bfab-4382-815c-96a61a9447e2

Оқу-жаттығудың мақсаты — аудандағы қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеру.

93c950ea-86af-4a9e-9270-952d795c42d8

Аталған оқу-жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрлыбек Сарсенов және азаматтық қорғау қызметтері, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, жедел ден қою жиынтық жасақтары қатысты.

Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Т.Апақаев оқу-жаттығу жұмысына қатысушыларға шараның мақсатын, жүргізілу тәртібін түсіндіріп, жаттығуды бастап кетті.

1403826d-f7d8-440a-91a6-93c4f4b2edbf

Қыс мезгілінде болатын төтенше жағдайлар, яғни электр бағаналарындағы сымның үзілуін жөндеу, тайғақ уақытта жолға құм шашу жұмысы, жолдан шығып кеткен көлікті шығару және аяз күндері далада қалған жандарды жылы жерге апару сынды сақтық шараларымен таныстырды.

ad7f1650-136d-45c9-980c-3d8171dbbc18

Аруғаным Қазиева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале