12.12.2021, 22:12
Оқылды: 86

Жаңақала ауданында республикалық домбырашылар байқауы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай республикалық «Әсемқоңыр» домбырашылар байқауы өтті. Аудан әкімшілігінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық мәдени демалыс орталығының бірлесуімен өткен еліміздің түкпір-түкпірінен өнерпаздар қатысқан дүбірлі дода екі күнге созылды.

DDB9D071-1457-4CC2-8034-5ACC1744E616

Қазылар алқасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші-ұстаз Айтжан Тоқтаған бастаған, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Күйшілер одағының мүшесі, күйші Ермек Қазиев лайықты бағалаған домбырашылар сайысында Ақбөкен Темір (Атырау облысы) бас жүлдеге ие болып, 500 мың теңгені қанжығасына байлады.

467B294F-CF46-4D23-A56D-43EBB5970492

Жасұлан Зейнеденов (БҚО) І орын алды (350 мың теңге). Мөлдір Қойысова (Алматы қаласы) мен Раушан Шақанава (БҚО) ІІ орынға лайық деп танылды. Екеуіне де 200 мың теңгенің сертификаты табысталды. Наргиза Қасымова, (Нұр-Сұлтан қаласы), Баян Қырғызбай (Алматы қаласы) және Ботагөз Жақсылық (Қызылорда облысы) ІІІ орынға табан тіреп, 150 мың теңгеге ие болды.

6C50529B-E82F-4447-AC6E-927A7144CC42

Нұрболат Тапалов (Нұр-Сұлтан қаласы), Мейрам Айтмахамбетов (Нұр-Сұлтан қаласы), Бейбіт Темірхан (Алматы қаласы), Анар Тілеуберген (Алматы қаласы) дипломант атанып, 50 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Темірлан Сыралиев (Жаңақала ауданы), Азамат Қалиев (Шыңғырлау ауданы), Елдос Аманғалиев (Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы), Марат Нүретдинов (Маңғыстау облысы) алғысхатпен марапатталды.

Жанайдар Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале