Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»
24 Қаңтар 2023

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы
23 Қаңтар 2023

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы

Дамир – ел кубогінің иегері
22 Қаңтар 2023

Дамир – ел кубогінің иегері

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
21 Қаңтар 2023

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?
19 Қаңтар 2023

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?

Жаңақала ауданында TopIQ.kz платформасын таныстыру семинары өтті

Бүгін Жаңақала ауданының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директорыбарлық мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер және кітапханашылардың қатысуымен TopIQ.kz платформасын таныстыру семинары өтті.

092F926B-C6B0-421D-AC7B-09D8F0A9E23A

Семинарға «Алматы кітап» баспасының PR жобалық орталығы басшысы Дамеля Койшина және баспаның цифрлық орталығының маманы Елжан Мырзагелді қатысты.

TopIQ.kz – 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтар платформасы.

8F7C6F3D-3FEA-4F98-9E58-9FCDB2F3291F

Шара барысында мектеп директоры Бегайым Есенғалиева Жаңақала ЖОББМ 2020-2021 оқу жылында пайдаланған TopIQ платформасы жөнінде сөз сөйледі. Информатика пәнінің мұғалімі Айжан Ғаділ бағдарламаны пайдаланудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, электронды платформа баланың оқуға деген қызығушылығын арттыратынын атап өтті.

42B42CAC-ED92-49A1-8580-B109DD504DDA

«Алматы кітап» баспасының маманы Д.Койшина платформадағы электронды кітаптарды, бейнежазбаларды, аудио сабақтарды таныстырса, Е.Мырзагелді платформаның қосымша құрылғыларымен, тіркелу және кіру жұмыстарына тоқталды.

Сондай-ақ мектеп мұғалімдері Гүлмира Төлепова және Данияр Нысанғалиев сөз кезегін алып, платформаның тиімді жақтарын баяндап, бағдарлама төңірегінде жеткен жетістіктерімен де бөлісті. Қатысушы мұғалімдер арасынан қызықтырған сұрақтарға жауап алғандары да болды.

BDA00143-B3CA-4964-8037-488F24CCCD75

Айта кететін жайт, 2021 жылы TopIQ ұйымдастырған республикалық байқауға Жаңақала ЖОББМ мұғалімдері және оқушылары қатысып, соның ішінде Ләззат Рахметова лауреат атанып, 100 000 теңге көлемінде сертификатқа ие болса, оқушылар арасынан 7 сынып оқушысы Кәусар Берікқали жүлделі орынға ие болып, 70 000 теңге көлемінде сертификатты иеленген еді.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале