2.07.2026, 16:30
Оқылды: 11

Жаңақала ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылдық округінде ауыл халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылды.

image-02-07-26-04-08-2

Жаңа нысанның ашылуына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Жанболат Жаншин, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, сондай-ақ ТЖД жеке құрамы мен ауыл ақсақалдары және жергілікті тұрғындар қатысты.

image-02-07-26-04-08-3

Аталған шара ТЖБ №16 өрт сөндіру бекетінің басшысы, азаматтық қорғау капитаны Еркебұлан Нұғмановтың жеке құрамды сапқа тұрғызып, БҚО ТЖД басшысына баяндама беруімен ресми түрде басталды. Жиында алғашқы болып сөз алған департамент басшысы Жанболат Жасқайратұлы ауыл халқын айтулы қуанышпен құттықтап, жаңа бекеттің аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі зор екенін атап өтті.

image-02-07-26-04-08-4

Өз кезегінде Алпамыс Жаңабайұлы халықтың қауіпсіздігі ең бірінші орында екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, шара барысында Мәстексай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Меңдіғали Халелов сөз сөйлеп, жаңа нысанның ел игілігіне қызмет етуіне ақ батасын берді. Сонымен қатар арнайы техниканың кілтін Жанболат Жаншин Мәстексай ауылдық округінің әкімі Ержан Тілепбергеновке салтанатты түрде табыс етті. Нысанның лентасын Жанболат Жасқайратұлы мен Меңдіғали Халелов салтанатты түрде қиды. Ата дәстүр бойынша ауылдың ақ жаулықты анасы шашу шашты.

image-02-07-26-04-08-1

Содан соң қонақтар жаңадан ашылған өрт сөндіру бекетінің ішін аралап, заманауи құрылғылармен және жеке құрамның жұмыс орнымен танысты. Таныстыру жұмыстарын бекет басшысы Еркебұлан Нұғманов жүргізді.

 

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале