19.08.2022, 12:45
Оқылды: 25

Жаңақала төрінде облыстық «Қос домбыра» байқауы өтті

Жаңақала ауданының әкімдігі мен Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен облыстық «Қос домбыра» байқауы өтті. Байқауға уақыт өткен сайын қадірі еселене түскен қасиетті домбыраны жандарына серік қылып, қоңыр үніне шабытын қамшылаған дарынды домбырашылар қатысты.

8

Жаңақала өңірі – ежелден күйшілер елі атанған өлке. Халықты әсем әнімен, шешендік сөздерімен, күмбірлеген күйімен сусындатқан айтулы дарындар шыққан қасиетті мекен.

10

Байқаудың мақсаты - ұлттық аспап домбыраға деген қызығушылықты арттыру, домбырашылардың орындаушылық шеберлігін дамыту. Домбырашылар байқауына 18-45 жас аралығындағы үміткерлер қатысуда.

11

Байқаудың әділқазы мүшелерінің қатарында Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы Ербол Аманжолұлы, облыстық «халық шығармашылығы» бөлімінің  басшысы Батырхан Ғалымжанұлы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жарас Сатыбалды, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, Жаңақала аудандық мәдениет тлдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Жұпмағамбетұлы болды.

9

Күй додосында аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева үміткерлерге сәттілік тілеп құттықтаса, Республикалық байқаулардың лауреаты Ербол Ғұбайдуллин байқаудың барысы, шарты мен мақсаты жөнінде сөз қозғады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале