22.08.2026, 16:45
Оқылды: 95

Жаңақалада 1 млрд теңгеге «NEFTEK» автожанармай құю бекеті ашылды

Жаңақала ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ауданда заманауи «NEFTEK» автожанармай құю станциясы пайдалануға берілді.

InShot_20260822_164107408

Фото: Жаңақала ауданы әкімдігі

​Жаңа нысанның ашылу салтанатына Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен «NEFTEK» ЖШС бас директоры Асылбек Нупов қатысып, тұрғындарды ел игілігіне бағытталған маңызды жобаның іске қосылуымен құттықтады.

InShot_20260822_164045126

​Бұл – «NEFTEK» компаниясы желісі бойынша ашылған 23-ші заманауи бекет. Жобаға 1 миллиард теңге инвестиция тартылып, 15 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Тұрғындар үшін тағы бір қуанышты жаңалық – бекет аумағында электр көліктерін қуаттайтын арнайы станцияның орнатылуы. Қазіргі таңда бұл – Батыс Қазақстан облысындағы «NEFTEK» желісі бойынша жұмыс істеп тұрған жалғыз электрлі қуаттау бекеті.

​Айтулы шара барысында компания ұжымы «Мектепке жол» республикалық акциясына қолдау білдіріп, аудандағы 8 оқушыға қажетті мектеп құралдарын табыс етті.

InShot_20260822_164132820

​Мұндай заманауи инфрақұрылымның пайда болуы – Жаңақала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале