14.07.2026, 17:30
Оқылды: 15

Жаңақалада «30 кітап – зерделі ұрпаққа бастар жол» байқауының жеңімпаздары анықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойғаны баршамызға аян.

1c384bca-69b9-4a74-9f3f-ee767dd5820b

Президент өз сөзінде: «Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн» - деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда облыстық  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Шыңғырлау ауданында өтетін  облыстық кезеңге жолдама ұсыну үшін «Мен оқыған 30» байқауы оздырылды.  Аталмыш шараның жоғарғы деңгейде өтуіне демеушілік жасаған «Ибрашев», «Шаңырақ» жеке кәсіпкерлері мен ауданымыздың өзге де белсенді жас кәсіпкерлерінің үлесі зор.

Байқаудың алғысөзін  аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту дене шынықтыру және  спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы  иеленіп, кейін кітапхананың көркемдік жетекшісі Талғат Қайырғалиұлы «Қазақ тілі» әнін  тарту етті. Аудандық мәдениет,  тілдерді дамыту дене шынықтыру және  спорт бөлімінің бас маманы Ақдинаш Қабдрешқызы, Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, «Жаңарған өңір» қоғамдық саяси газетінің директор-редакторы Зара Қайырғалиқызы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының м.у.а Айнұр Қадешқызы, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің әдіскері Айнұр Сансызбайқызы төрелік еткен сайысқа 8 оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Байқаудың бірінші кезеңінде оқушылар өздері оқыған кітаптары туралы бейнеролик түсіріп, Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаға жүктеп, оқырмандармен бөлісті. Екінші кезеңде бекітілген 30 кітап бойынша дайындалған 90 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады.

Ал «Зерделі оқырман»  деп аталатын үшінші кезең облыстық байқауға үміткерді таңдаудың негізгі кепілі болды. Қазылар алқасы деңгейді жетік анықтау үшін, арнайы сұрақтар қойды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды  Мұхтар Мирманов мектебінң 8-сынып оқушысы Жантөре Бейбітұлы (20000 теңге, жетекшісі Қанапия Тілегенқызы), II орынды Карманов мектеп бөбекжай – балабақша кешені 8-сынып оқушысы Қарақат Нұрғисақызы (15000 теңге,  жетекшісі Анаргүл Сатыбалдықызы), III орынды  Есен Орақбаев атындағы ЖОББ мектебі 8-сынып оқушысы Айсұлтан Қадырбай (10000 теңге, жетекшісі Гүлжамал Кеңесқызы) иеленді.

китапхана

Байқауға белсене қатысқан барлық оқушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай 5000 теңге табысталып, олардың өнері мен талпынысына зор құрмет көрсетілді.

Кітап оқу – сән емес, ол – сананың өсуі. Қатысушылар 30 кітапты оқып қана қоймай, өздеріне үлкен рухани азық жинады деген сенімдеміз.

 

Айнұр Нұрғалиева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале