8.04.2020, 16:24
Оқылды: 181

Жаңақалада Айтқұлов көшесінің жастары бірігіп, екі жанұяға азық-түлік алып берді

Әлемді дүрліктірген COVID-19 коронавирусынан сақтану үшін біздің елімізде де төтенше жағдай енгізілгені баршамызға аян. Осынау қиын-қыстау кезде жаңақалалықтар «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ұйымшылдық танытуда.

5C6249D2-31C0-4E03-9B5B-F8F4B5EE1A37

Көптеген шаруалар мен кәсіпкерлер, еріктілер мен ауыл тұрғындары жарыса жақсылық жасауда. Солардың бірі – аудан орталығындағы С.Айтқұлов көшесінің жастары. Аталмыш көшенің жастары «Біз біргеміз!» акциясы аясында қаражат жинап, ауылдағы аз қамтылған екі отбасына бір айлық азық-түлік алып берді. «Ел басына күн туғанда жұдырықтай жұмылып, елдігімізді көрсетуіміз қажет. Осы қиын кезден жеңіл өту үшін аз да болса өз үлесімізді қостық. Ендігі жерде басқа да ауыл жастары біздің игі ісімізді жалғастырар деген үміттеміз» дейді жүректері мейрімге толы С.Айтқұлов көшесінің жастары.

Нұрғали Ғаббас

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале