13.02.2024, 22:35
Оқылды: 26

Жаңақалада ардагер спортшыға құрмет көрсетті

Бүгін «Ардагерлер үйінде» аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Жаңақала ауданының Құрметті азаматы, 40 жылға жуық төл ойынымыз – тоғызқұмалақтың дамуына айрықша үлес қосып, аудан мерейін сан мәрте асқақтатқан ардагер спортшы Хайрат Мұратұлының 75 жас мерейтойына орай құттықтау рәсімі өтті. 

IMG_1083

Шараға аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар мен ауыл ақсақалдары қатысты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаимов салтанатты жиынды ашып, алғысөзді аудан әкімінің орынбасарына берді.

IMG_1077

Руслан Қонысбайұлы мерейтой иесіне жылы лебізін жолдап, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың атынан құттықтау хат пен естелік сыйлық табыс етті.

IMG_1085

Өз кезегінде Хайрат Мұратұлы еңбегін елеусіз қалдырмай, құрмет көрсеткен аудан басшылығы мен ауыл ардагерлеріне ризашылығын білдірді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале