28.12.2020, 19:22
Оқылды: 148

Жаңақалада «Атамекен» сауда үйі ашылды

Жаңақала ауданында кәсіпкерлік саласы, соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Жаңа жыл қарсаңында осындай игі істер жалғасын табуда. Бүгін аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсету бағытында «Атамекен» сауда үйі ашылып, халық игілігіне пайдаланылуға берілді.

38c11449-e619-4cb3-b266-dbebcda1a071

Ең алдымен аталған сауда орнының атауына тоқталар болсақ, сауда орталығының иесі Руслан Наутеновтің әкесі осы өңірде дүниеге келіп, өсіп-өніп, кейін отбасылық жағдайлармен басқа мекендерге қоныс аударып, үлкейген шағында туып-өскен жеріне қайта оралған. Сол кездегі еліне, жеріне деген сағыныш пен сүйіспеншіліктен ашылғалы тұрған сауда орталықты балаларына «Атамекен» деп атауды ұсынған.

Аталмыш сауда үйінің иелері Руслан Қабиұлы жолдасы Радмила Талапқызымен 2015 жылы 8 маусымда жеке кәсіппен айналысуға бел буып, жалға орын алса, кейіннен жеке орын сатып алып, азық-түлік дүкенін ашты.

Тынымсыз еңбектің арқасында «Мұқаш» жеке кәсіпкерлігі ешқандай несие алмай, өз қаражаттарына құны 30 млн. теңгені құрайтын екі қабатты «Атамекен» сауда үйін тұрғызды. Бірінші қабатында азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар сатылса, екінші қабатында киім-кешек, тігін, тағы басқа 11 орын жалға беріліп, 9 адамды жұмыспен қамтып отыр.

94129147-d7d7-4dd4-b0e7-7c68872b6600

Бұл қуанышқа аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева және мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Н.Қадырбайұлы барша қонақтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен және кәсіпкерді жаңа бастамасымен құттықтап, сәттілік тіледі. Одан әрі дүкен иесі Р.Қабиұлы жаңа сауда орнының халыққа үлгілі қызмет көрсететінін тілге тиек етіп, келген көпшілікке ақжарма алғысын білдірді. Қаби Наубетов пен Фарзана Каденова салтанатты түрде лента қию рәсімін жасады.

Одан соң тұрғындар дүкенді аралап көріп, таңдаулы тауарлардың алуан түрімен танысты. Әрі  дүкен иесін құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп жатты.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале