3.02.2021, 14:32
Оқылды: 194

Жаңақалада аудан кәсіпкерлері мен тұрғындар провизорлық орталықтағы науқастарға 5 млн. теңгеге жуық сомаға көмек көрсеткен

Жаңақала аудандық ауруханасы 24011 халық санына қызмет етеді. Еліміздегі жағдайға байланысты наурыз айынан бастап аудан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жүзеге асып келеді.

 IMG_2389

Аталған іс-шараларға аудандық бюджеттен 14,9 млн. теңге бөлінді. (жанар-жағармай материалдары, жеке қорғаныс құралдары, полиграфиялық басылымдар, блокпостарды ұйымдастыру және т.б.)

Сондай-ақ осындай шақта бейжай қалмай, айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, аудан кәсіпкерлері мен тұрғындар провизорлық орталықтағы науқастарға 5 млн. теңгеге жуық қаражат көлемінде көмек көрсеткен.

122989630_1072389129881428_1299767524624422544_o

2020 жылы аудандық ауруханаға облыстық бюджеттен 2 өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етілді және құны 156 млн. теңге тұратын медициналық диагностикалық кешен автобусы берілді. Аталмыш кешен арқылы аудан орталығынан тыс ауылдарға қажетті дәрігерлер барып медициналық көмектер көрсететін болады.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале